Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Челсиге» қайта оралды
Англиялық «Бернли» клубының бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.Швейцариялық маманның айтуынша, 18 жастағы футболшы қазіргі уақытта ойыншыға илелік ететін лондондық «Челси» клубының базасында ем қабылдап, оңалту курсынан өтіп жатыр. Бұған шабуылшының санның артқы бұлшықетінен алған кезекті жарақаты себеп болған.
«Дастан қазір «Челсиде». Біз оның оралуын күтіп отырмыз. Оған лондондық клубтың базасында оңалту жұмыстары жүргізілуде», – деді Челестинидің сөзін келтірген Burnley Express басылымы.
Сонымен қатар «Бернли» бапкері қазақстандық шабуылшының нақты қашан қатарға қосылатыны әзірге белгісіз екенін атап өтті.
Айта кетейік, «Бернли» сапына жалға ауысқаннан бері Дастан Сәтпаев мүмкін болған 16 матчтың жетеуіне ғана қатысқан
Сурет: ашық дереккөзден










