Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі мерекеде ардагерге құрмет

Мерейлі мерекеде ардагерге құрмет

Жақында Шіркейлі ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен Қ.Мұхаммеджанов атындағы мәдениет үйінде қарттар күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
Шараға ауыл әкімі Т.Құламқадіров сөз алып, аудан әкімі Р.Рүстемұлының ауыл ардагерлеріне Алғыс хатын табыстады. Мерейлі мерекеде алғы сөзін айтып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сұлтанов ауыл ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. "Мади Қажы" ЖШС директоры С.Сұлтановтың демеушілігімен қарттарға  арнайы сыйлық тапсырылды.

«ТТ»-ақпарат
06 қазан 2019 ж. 431 0