85 келідегі тартысты бәсеке: Ақжол Құрманбек Қазақстан чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ең тартысты салмағында Ақжол Құрманбек үздык шықты. Ел чемпионатының бесінші жарыс күнінде ерлер арасында 85 және әйелдер арасында 86, +86 келіде жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.Ерлер арасындағы 85 келі салмақта алтын жүлдеге үміткер ретінде бірнеше зілтемірші қарастырылды. Олардың қатарында Азия чемпионы Ақжол Құрманбек, жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді, Әлібек Рахымберді, Егор Шерер болды. Нәтижесінде Жетісу облысының өкілі Ақжол Құрманбек алтын жүлдені жеңіп алды.
Кешкі сессияда Сания Орманбаева мен Любовь Ковальчук өз салмағында айқын жеңістерін тіркеді.
«Жұлқа көтерудегі көрсеткішіме көңілім толады. Бірақ серпе көтеруде 205 келі бағынбады. Қарсыластарым да мықты болды. Өкінішке қарай, Едіге Емберді әлем чемпионатынан кейін толық бабына ене алмады. Алдағы уақытта Едіге екеуміз әлі бірінші орын үшін күресетін боламыз», деді Ақжол Құрманбек.
85 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын Ақжол Құрманбек (Жетісу облысы) - 363 келі (163+200)
2-орын Едіге Емберді (Астана қаласы) - 345 келі (152+193)
3-орын Әлібек Рахымберді (Алматы қаласы ) - 344 келі (158+186)
86 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын Сания Орманбаева (Алматы қаласы) - 234 келі (104+130)
2-орын Айғаным Жанболат (Алматы облысы) - 223 келі (105+118)
3-орын Виктория Новикова (Ақмола облысы) - 203 келі (93+110)
+86 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын Любовь Ковальчук (Қарағанды облысы) - 235 келі (105+130)
2-орын София Шешукова (Астана қаласы) - 228 келі (101+127)
3-орын Динара Қыпшақбай (Қызылорда облысы) - 207 келі (88+119)
Ертең ерлер арасында 95 пен 110 келіде жүлделер сарапқа салынады.









