Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Спутник V" екпесін қабылдады

"Спутник V" екпесін қабылдады

"Jas Otan" Жастар Қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы ресейлік "Спутник V" екпесін қабылдады.

Депутат алдымен тиісті дәрігерлік тексерістен өтті және мамандардың оң қорытындысынан кейін екпе салдырды. Сондай-ақ, күту бөлмесінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен қажетті сұрақтарына жауап алды.

Ақтөре Ибрагимұлы екпе салдырғаннан соң ауданның бас дәрігері Нұржамал Мырзағалиевамен пікірлесіп, халыққа дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ол үшін жергілікті газет пен әлеуметтік желілер әлеуетін пайдалану қажеттігі жөнінде ой бөлісті.

Депутат аудан халқының денсаулығы үшін және қауіпті індетті ертерек жеңу мақсатында еңбек етіп жатқан ақ халатты абзал жандардың жұмысына жеміс тіледі.
03 мамыр 2021 ж. 349 0