Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Облыстың бас дәрігері қандай екпе салдырды?

Облыстың бас дәрігері қандай екпе салдырды?

Бүгін облыс көлемінде «Covid-19» инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды.
Облыстың бас дәрігері Пазилов Сабит Бексеитұлы алғашқылардың бірі болып №3 қалалық емханада «Covid-19» қарсы Ресейде өндірілген «Спутник V» екпесін салдырды.

Алдымен емхана дәрігерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнезі жинақталды. Аталмыш вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болмағандығы себепті екпе егілді.

Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, мамандар вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізіп өтті.

Айта кетейік, Қызылорда облысының халқына 80 0000 доза вакцина салынады деп күтілуде. Бүгінде аймаққа 1000 доза вакцина жеткізіліп, №1, 3 және 6 қалалық емханаларда екпе жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике тартылып отыр.
01 ақпан 2021 ж. 906 0