Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімі «Спутник V» вакцинасын ектірді

Аудан әкімі «Спутник V» вакцинасын ектірді

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев аудандық ауруханада коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды. Екпе аудан басшысының ағзасына теріс әсер берген жоқ.

Қауіпті індетке қарсы вакцина салдыру ауданда бүгіннен басталды. Қазіргі таңда ауданға ресейлік I, II типтік вакцинасының 100 дозасы жеткізілді. Ал қалған бөлігі кезең-кезеңімен толықтырылады.

Екпе егу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ауруханада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай егу бөлмелері әзірленген. Вакциналау жұмыстарына аудан бойынша 6 дәрігер, 4 мейірбике тартылып отыр.

«Қазір ауданда жағдай қалыпты болғанымен қауіпті індет түбегейлі жойылуы қажет. Сондықтан адам ағзасы жұқпалы кеселге қарсы тұру үшін екпе салдырған жөн. Бүгін ауданда вакциналау басталып, арнайы екпе салдырдым. Дәрігерлер ине салған орынды су тигізбей, жылы ұстауға кеңес берді. Баршаңызды екпе салдыруға шақырамын», – деді аудан әкімі Талғат Дүйсебаев.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
09 наурыз 2021 ж. 869 0