Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Төтеншеліктер сенбілікке шықты

Төтеншеліктер сенбілікке шықты

Аудандық төтенше жағдайлар және №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері апта ағымында тазалық акциясы аясында сенбілікке шықты. Қырағы қызмет иелері мекеме ауласын күл-қоқыстан арылтып, аяқ су жүретін қарықтарды тазалады.

– Тілсіз жаумен күнделікті бетпе-бет келетін сала мамандары қоршаған ортаның ластануына жол бермейді. Тазалық маусымында белсенділік танытып, кенттің айшықты келбетін қалыптастыруға үлес қосады. Сенбілікке шыққан төтеншеліктер талдарды әктеп, қарықтарды қалыпқа келтірді. Қазіргі таңда №12 өрт сөндіру бөлімінде 35 қызметкер бар. Алдағы уақытта санитарлық талаптарды сақтай отырып, бөлім қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмысы жалғасын табады, – дейді №12 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Келдібай Ақашов.

Айта кету керек, көктем мезгілінде аудан көлемінде сенбілік жұмысы қарқын алуда. Қоршаған ортаны күл-қоқыстан, арам шөптен арылтуға жергілікті тұрғындар үн қосса дейміз.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
17 сәуір 2021 ж. 1 065 0