Сенбілік ұйымшылдықпен өтуде
Аптаның сенбі күні аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері сенбілікке бір кісідей атсалысып келеді. Апта сайын ауданның барлық елді-мекенінде сенбілік ұйымшылдықпен өтуде. Мекеме қызметкерлері мекеме маңайын тазалап, ауыл тұрғындары көше бойын қоқыстан тазартты.
Ауылдағы сенбілікке 7 мекемеден шыққан 93 қызметкер және ауыл тұрғындары ауыл ішілік көшелерден өздеріне бөлінген жерді тазалап, жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындады.
Еңбекке деген сүйіспеншіліктері артып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бірлесе қызу жұмыс жүргізді.
"ТТ" ақпарат










