Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕНТТІҢ КҮРЕТАМЫРЫ ТАЗАРДЫ

КЕНТТІҢ КҮРЕТАМЫРЫ ТАЗАРДЫ

Әр аптаның сенбісінде ­аудан көлемінде сенбілік ұйымдастыру жұмыста­ры өз деңгейінде жалға­сын табуда. Бұрынғыдай емес көше тазалығы қол­ға алынып, күл-қо­қыс­тан арылған. Жаппай сенбілікке шыққан көпшілік қоршаған ортаның ластанбауына өз үлестерін қосуда. Қай кезде де шын ынта-жігермен жасалған істің нәтижесі көзге көрініп тұрады. Сенбілік барысында жүздеген адам­ның тынымсыз қарекеті тікелей жауаптылықтан туындайтын абыройлы іс екеніне көз жеткіздік.
Осы орайда кент аумағында ұйымдастырылған сенбілік жұмысын зерделеу мақсатында арала­ға­нымызда осы жолы аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, аудандық оқушылар үйінің, әуез мектебінің жұмысын ерекше атап өткен жөн. Өйткені, кент орталығының күре тамырына айналған «Майжарма» арнасын тазалауда бөлім қызметкерлері мен тиісті сала мамандарының еңбегі зор. Орталық көше тұрғындары мен темір жолдың арғы бетіндегі халық бақшалық аяқ суды осы арна арқылы алады. Сондықтан аяқ су жүретін қарықтарды, «Майжарма» арнасымен байланысқан нүктесін күл-қоқыстан арылту негізгі мақсат болды. Бұдан бөлек сенбілік жұмысына белсене қатысқан меншік түріне қарамастан мекеме қызметкерлері жауапкершілікті сезіне білді. Сондай-ақ, аудан бойынша «Дүниежүзілік ағаш егу» күніне орай көшет отырғызу шарасы өткізілді. Бұл ретте аудандық мұсылмандар мешітінің ауласына аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері көшет отырғызса, аудандық емхана мен аурухана ауласына медицина саласының мамандары сенбілік маусымы басталған уақыттан тал егуді жалғастырып келеді.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
23 сәуір 2019 ж. 906 0