Тазалық айлығы басталды

– Ал балам, біз де жұмысымызды бастайық, – деді қария немересіне қуақылана қарап.
– Ата, осы көшені неге біз ғана тазартамыз, көршілер неге шықпайды? Немересі атасына сұраулы жүзбен қарап қалыпты.
– Е, қарағым-ай, – деді атасы сақалын тарамдап, – ол бір ғана Аллаға аян. Аулаң, көшең, үйің таза болса, денің сау болады. Көңіл-күйің де көтеріңкі болады. Жадырап жүресің. Еңсең тік болады. Ұзын сөздің қысқасы, адамның санасы тазармай аула тазармайды. Қария ауыр күрсініп, немересіне қарап.
– Онда мен есіктің алдын күнде тазалайтын боламын. Бүлдіршін құлшынып, қолындағы сыпырғымен ауланы сыпыра бастады. Атасы су жүретін жаптың шөбін шабуға кірісті...
Кенттегі барлық мекеме ұжымдары өздеріне бекітілген аймақты тазалап, мекеме ауласын қоқыстан тазартты. Яғни, ауданда, жалпы республика аумағында күзгі тазалық айлығы басталды. Мекемелердің басым бөлігі «Майжарма» арнасын тазалады. Оның ішінде ветеринария, ветстанция, аурухана, аудандық ішкі саясат, қаржы бөлімі, білім, ауыл шаруашылығы бөлімі, аудан әкімінің аппараты көше тазалауға шыққан қариядан басқа жеке тұрғындар, қазынашылық басқармасы, полиция бөлімі, туберкулезге қарсы диспансер қызметкерлері белсенділік танытты.
Б.ОРДАБЕКОВ