Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бұрнағы күні аудан орталығында #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акция жалғасын тапты. Акция барысында аудан тұрғындары, дербес бөлім және мекеме қызметкерлері «Әйтек», «Майжарма» арнасының жағалауын күл-қоқыстан тазартты. 200-ге жуық аудан тұрғыны үш бағыт бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сырдариялықтар алдымен «Майжарма» арнасының Тереңөзек кенті орта­лығында орналасқан бөлігін қалдықтан арылтты. Акцияға қатысушылар темір жолдың арғы бетінде яғни Б.Момышұлы көшесіне жалғасқан арнаның сағасын күл-қоқыстан тазартты. Сонымен бірге «Әйтек» арнасының қос қапталына тазарту жұмыстары жүрді. Апта сайын дәстүрге айналған акцияға аудан әкімінің орынбасарлары қатысып, экологиялық қиындықты жоюдың негізгі факторын атады. Күнделікті су айдындары мен қоршаған ортаны таза күйінде ұстау – әр азаматтың міндеті екенін жеткізді.
Үнемі санитарлық қатаң қадағалау барысында жөнсіз қоқыс тастауға жол берілмейді. Тұрғындар санасын тәрбиелей отырып, тазалыққа бейімдеу маңызды. Осы акцияның аясында жұртшылық қоршаған ортаға қамқорлық жасап, табиғи ортаның ластануына жол бермеу керектігін түсінгендей.
Айта кетейік, экологиялық акцияға аудандық аурухана қызметкерлері де белсенділік танытты. Олар мекеме ауласын тазартып, аяқ су келетін арықтарды қалыпқа келтірді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
06 тамыз 2019 ж. 824 0