Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмек бағасы бақылауға алынды

Дәрі-дәрмек бағасы бақылауға алынды

Аудан прокурорының өкімімен дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауаптылыққа тарту мақсатында мобильді топ құрылып, жұмыс жүргізуде. Мобильді топ құрамында аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бар.

Бүгінгі таңда мобильді топпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде ауданда дәрі-дәрмектерді шекті бағасынан асырып сату деректері анықталуда. Атап айтқанда, Тереңөзек кентінде орналасқан дәріхана шекті бағасы 1270 теңге болатын «Аспирин Кардио» дәрісін 1430 теңгеден сатқан. Осыған байланысты дәріхана иесінің жауапкершілігін қарау үшін іс құжаттары тиісті органға жолданды.

Тұрғындар бақылау-кассалық машинасы арқылы берілетін түбіртекте (чек) сатылған препараттың атауы мен бағасы көрсетілетінін назарға алу қажет. Егер түбіртекте көрсетілген бағаға күмән болған жағдайда «Dari.kz» мобильді қосымшасы арқылы салыстырып, анықтауға мүмкіндік бар. Сондықтан тұрғындар дәрі сатып алған уақытта міндетті түрде түбіртекті талап етуі тиіс.

Аудан тұрғындары дәрі-дәрмек бағасына күмән келтірген жағдайда аудандық прокуратураның +7 (72436) 21-5-39 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуына болады.

16 шілде 2020 ж. 532 0