Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Қара тізімге» енгендер қайтадан несие ала алады

«Қара тізімге» енгендер қайтадан несие ала алады

«Қара тізімге» енгендер қайтадан несие ала алады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты мәлімдеді.

-Кредит алу үшін несиені жапқанына 1 жыл болу керек. 8 сәуірден бастап банктердің «қара тізіміне» енгендердің қайтадан несие алу мүмкіндігі бар,- деп хабарлайды Аtameken Business. Енді қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе алады. Кредит алу үшін қойылатын басты талап: несие жабылған кейін тура 1 жыл өту керек. Оған қоса осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауға тиіс. Несиені рәсімдеу үшін арнайы құжаттар керек емес. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейтін көрінеді. Бұған дейін, «қара тізімге» іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын. Сондықтан оларға ешқандай несие берілмейтін. Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа жолдары қарастырылмақ. Яғни екінші деңгейлі банктер әр адамның төлем қабілетін есептеп, оны біртіндеп жабуға мүмкіндік беретін кесте жасайды.

12 сәуір 2021 ж. 659 0