Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бұдан былай білім грантын несиеге алып оқуға болады

Қазақстанда бұдан былай білім грантын несиеге алып оқуға болады

Кредитті оқуға бөлінетін несие қолға берілмейді.

Елімізде грантқа оқуға түсушілерге 69256 грант бөлінді. Бакалавриатқа 53 785 грант, магистратураға 13159, докторантураға 2 312 грант бөлінді. Бұл гранттарға іліге алмай қалғандар кепілсіз несие ақысына оқи алады, деп жазады Stan.kz.

Бұған білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығы кепіл болмақ. Кредитті оқуға бөлінетін несие қолға берілмейді. Студенттің есепшотына түседі. Бірақ талап қатты. Талапкердің тестідегі ұпай 50 балдан, jp көрсеткіші 1,33 балдан төмен болмауы керек.

"Кредит ұзақмерзімді болып саналады. 10-12 жылға дейін беріледі. Ерекшелігі - студент оқу бітіргенге дейін тек пайыздық үстемесін төлеп, оқу бітірген соң ғана 6 ай өткенде несиені кесте бойынша өтейді.

Қазіргі уақытта 15 млрд теңгенің 11 млрд теңгесі қайтарылды",- дейді Қаржы орталығының менеджері Қуаныш Мәулетов.

Егер студент грантқа ауысса, несиесі тоқтатылады. Несиені 2 апта ішінде рәсімдеуге болады.

Мемлекеттің білім депозиті де бар. Оның басқалардан артықшылығы кез келген оқу орнын таңдай аласыз. Мұнда банктің пайызынан бөлек 3 жылдан 20 жылға 5 пайыз, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға 7 пайыз, мемлекеттің сыйақысы бар.

Қазіргі уақытта Aqyl депозитін 20 мың адам ашып үлгерген. Олардың жиған қаржысы 20 млрд теңгеге жетті.



03 маусым 2019 ж. 744 0