Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар бір жылда 500 миллиард теңге шағын несие алған

Қазақстандықтар бір жылда 500 миллиард теңге шағын несие алған

2016 және 2017 жылдарға қарағанда 2018 жылы жеке тұлғалар шағын несиені көп алған, кредиттің жалпы көлемінің жартысынан астамы кәсіпкерлік мақсат үшін берілген.

2018 жылы Қазақстанда шағын несие берумен айналысатын кәсіпорындардың жалпы саны 20,1%-ға азайып, 824 болды. Оның 600-і – кредит серіктестігі, 224-і – шағын несие беру ұйымы.

Ranking.kz зерттеушілерінің мәліметінше, кредит серіктестіктері мен шағын несие беру ұйымдарының кредит портфелі 2018 жылдың соңында 668,8 миллиард теңге болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,6%-ға жоғары.

Жиынтық кредит портфелінің 50,4%-ы немесе 336,9 миллиард теңгесі – жеке тұлғаларға, 49,6%-ы немесе 331,8 миллиард теңгесі – заңды тұлғаларға берілген кредит. 2017 жылдың соңында заңды тұлғаларға кредит көп берілген еді (55,2%).

2018 жылы шағын несие берумен айналысатын кәсіпорындар жалпы сомасы 500,7 миллиард теңге болатын кредит берген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Былтыр жеке тұлғаларға кредит көп берілген, 346,2 миллиард теңге – 2017 жылға қарағанда 32,9%-ға көп. Заңды тұлғаларға 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 154,5 миллиард теңге берілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға аз.

Жеке тұлғаларға берілген кредиттің жартысынан көбі кәсіпкерлік мақсатты көздеген: 215,5 миллиард теңге – 2017 жылға қарағанда 55,1%-ға көп. Мұндай кредиттің үлесі 53,3%-дан 62,3%-ға өскен. 2018 жылы тұтынушылық мақсатқа 130,7 миллиард теңге берілген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,55-ға көп.

baribar.kz

08 сәуір 2019 ж. 852 0