Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

Әлем

Күннен қуат алатын көлік

Күннен қуат алатын көлік

15 қыркүйек 2019 ж.
Даяшының орнына –  робот

Даяшының орнына – робот

15 қыркүйек 2019 ж.
Ең әдемі ару

Ең әдемі ару

13 қыркүйек 2019 ж.
Ешкі жұтқан жылан

Ешкі жұтқан жылан

04 қыркүйек 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 газет

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 газет

10 қыркүйек 2019 ж.

№ 69 газет

07 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Коллекторға өткен несие тағдыры не болады?

Коллекторға өткен несие тағдыры не болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков коллекторға өтіп кеткен несиелердің тағдыры жайлы айтып берді,-деп хабарлайды baq.kz

«Кейбір азаматтар тізімде бар, бірақ несиесі өтелмеген. Уақытында төлемей, несиесі коллекторлық компанияларға өтіп кетсе, ол кісілердің борышы өтелмейді», - деді Светлана Жақыпова ОКҚ брифингі барысында.

Ал ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, несиесі коллекторларға өтіп кеткен тұрғындардың қарызы кейбір жағдайда кешіріледі.

«Үкімет қаулысына сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансындағы несиелер ғана кредит өтеу акциясына жатады. Дегенмен, кредиті коллекторларға өтіп кеткен азаматтардың мәселесі екі санат бойынша қаралады. Біріншіден, несие банк балансынан шығарылмайды. Коллектор қарыз алушы мен банк арасында байланыс орнатып, қарыздың қайтуына ықпал етеді. Ондай кредиттер банк балансында сақталатындықтан акцияға қатыса алады. Ал несие банк балансынан шығарылып, коллекторға сатылып кеткен болса, онда бұндай кредит кешірілмейді. Яғни, бұл екінші санат. Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес, банк қарыз иесінің келісімі болған жағдайда ғана оны коллекторға өткізе алады. Коллекторға өтіп кеткен борыш иесіне банк бұдан кейін шағымдана алмайды. Қазір коллекторлық компанияларға ондаған миллион теңге несие өтіп кеткен», - деді Олег Смоляков.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі халықтың «мен неге тізімде жоқпын?» деген сұрағына жауап берген болатын. Ал Ұлттық банк қара тізімге қатысты түсініктеме берген еді. Сондай-ақ, несие өтеу акциясы қашан аяқталатыны белгілі болды.

Атап өтсек, 26 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Жарлыққа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшін бір реттік акция тәртібінде мемлекет жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейін негізгі борышты және ол бойынша есептелген өтемақыны төлейді. 300 мың теңгеден асатын қарызы барлар 300 мың теңге көлемінде қарызының бір бөлігін өтейді. Бұл ретте, олардың жалпы қарызы биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

09 қыркүйек 2019 ж. 92 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам