Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сырдарияда сенбілік басталды

Сырдарияда сенбілік басталды

Ауданда санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру айлығы басталды. Соған орай кеше аудан көлемінде сенбілік өтті.

Сенбілікте мемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шапты, қоқыстарды жинады.

Қазіргі таңда негізі су арналарын тазартуға күш жұмсалуда. Өйткені, жақын арада каналдарға су жіберілгенде, қыс бойы ішіне жиналған қоқыстар су ағысына кедерге келтіреді. Осы ретте, каналдар арқылы аяқ су жеткізілетін арықтарды тазалау жұмыстары жүрді.

Бұдан бөлек, сырдариялықтар тиісті көшелерде ағаштарды әктеп, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысты.


21 наурыз 2021 ж. 1 178 0