Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық айлығы басталды

Тазалық айлығы басталды

Өмір сүрер ортамыздың тазалығын сақтау бүгінде маңызды мәселенің біріне айналды. Көркейту, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына арналған екі айлық науқан басталды. Өткен аптада аудан әкімі Р.Рүстемовтің өкімімен бекітілген жұмыс 9-мамырға дейін жалғасатын болады. Тазалық айлығына жауапты мекеме – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып бекітілген.
Өткен жылғы тазалық маусымына аудан бойынша жалпы саны 8784 адам қатысқан. Олар екі айда 8 тазалық күнін өткізген. Барлығы 117 мекеменің қызметкері 331,5 текше метр қалдықты шығарған. Ал тазартылған канал мен арықтың көлемі – 66,2 шақырымды құрайды.
«Алдағы уақытта тазалық айлығы барысында аудан орталығы мен барлық елді мекенде күл-қоқыстарды жинау, тазалау, саябақтағы талдарды әктеу, көшеттер отырғызу, гүл егу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған», – дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Осы орайда аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырамыз.


Майя БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
07 наурыз 2020 ж. 890 0