Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢА ПРОКУРОРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

ЖАҢА ПРОКУРОРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық прокуратурасының басшылығы аудан активіне ауданның жаңа прокурорын таныстырды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров ашып, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Т.А.Әлібаевқа сөз берді.
  • Ауданның бұрынғы прокуроры Арал ауданына қызмет ауыстырды. Кадрлық ауыс-түйіске байланысты ҚР Бас Прокуратурасының бұйрығымен Сырдария ауданының прокуроры болып Ерлан Алмазұлы тағайындалды. Ол жастығына қарамастан тәжірибелі маман,-деп атап өткен Талғат Айтбайұлы жаңа прокурордың өмірдерегімен таныстырды.
Ерлан Алмазұлы 1984 жылы 17 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Қазақ гуманитарлық Заң университетінде заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған. Астана қаласындағы Алматы аудандық прокурорының көмекшісі болып еңбек жолын бастап, аға көмекші, бөлім бастығы лауазымдық сатыларынан өткен. Мұнан соң Астана қалалық прокуратурасының, Павлодар облыстық поркуратурасының басқарма прокуроры, Павлодар және Байқоңыр қаласы прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасында басқармалардың аға прокуроры қызметтерін атқарған. Біздің ауданға дейін Қөқшетау қаласы прокуроры болып қызмет жасаған.
Жиында мемлекеттік қызмет ардагері Б.Өтегенова көпшілікті ауданның ахуалымен таныстырып, жаңа қызметке тағайындалған маманға сәттілік, табыс тіледі. Өз кезегінде Ерлан Алмазұлы өзіне көрсетіліп отырған зор сенімді мерейлі еңбекпен ақтайтынына көпшілікті сендірді.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
28 тамыз 2018 ж. 2 536 0