Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – жемқорлыққа жол бермеу

Басты мақсат – жемқорлыққа жол бермеу

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру мақсатында «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн форматта жиналыс өтті. Оған аудан прокуроры, аудандық полиция, ішкі саясат бөлімінІң басшысы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, ауыл әкімдері мен сала мамандары қатысты.

Жиынды ашқан аудан прокуроры Е.Алмазұлы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жемқор­лықпен күрес жүргізу керектігін айтты.

«Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңызы жоғары. Дер кезінде алдын алу және ескерту жұмысы жүргізілмесе, жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы әбден мүмкін. Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір басшы жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс» – деді аудан прокуроры.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа байланыс­ты мәсе­ле­лер талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмас­ты. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жүргізу баршаға ортақ екенін атап өтті.

– Жемқорлықтың, жемқорлардың қоғамға кері әсері көп. Бұл ретте әрбір азаматқа жұмыста ғана емес отбасында да тәлім-тәрбие берілу қажет. Тиісті түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. Жыл сайын сала мамандарымен бірге елді мекендерді аралап, халықпен кездесетін едік. Биыл карантин талаптарына байланысты жиналыс қашықтан өткізілуде. Басты мақсат – жемқорлыққа жол бермеу, сол арқылы ел дамуы үшін маңызды жоспарлардың сапалы әрі уақытылы орындалуына атсалысу, – деді қоғамдық кеңес төрағасы.

Айдана ҚАЛИЕВА

05 қыркүйек 2020 ж. 551 0