Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » "Қайрат" қатарынан екінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды

"Қайрат" қатарынан екінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Алматының "Қайрат" футбол клубы 2025 жылғы Қазақстан премьер-лигасында (ҚПЛ) қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен "Қайрат" пен "Астана" матчының соңғы 26-турында командалар чемпиондық титул үшін таласты. Алаң иелері чемпиондық атағын қорғау үшін жеңілмеуге тиіс еді. Матчта командалар 1:1 есебімен тең түсті.

Қонақтар 15-минутта хорватиялық вингер Марин Томасовтың соққан голының арқасында алға шықты. "Астана" капитаны албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшидің пасынан кейін Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтен айласын асырып, гол салды.

"Қайрат" үзілістен кейін таразы басын теңестіре алды. Голды 56-минутта Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев салды.

"Қайрат" ФК. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі
26 қазан 2025 ж. 1 672 0