Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды

Облыстық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Құран – бірлік пен береке бастауы» атты облыстық Құран жарысының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күні және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен рухани шарада Қызылорда қаласы мен барлық ауданнан келген 50-ден аса үміткер Құран Кәрімнің 5, 3 және 1 парасын жатқа оқу бойынша өзара бақ сынасты.

Сыр өңірінің бас имамы Дастан қажы Жанасұлы жүлдегерлер мен «Көрермен көзайымы» атанған қатысушыны құттықтап, оларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, байқауға қазылық еткен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Шыңғысхан Жаппарханұлы, Жаңақорған кенті «Һисамиддин Сығанақи» мешітінің имамы Мұқан Нұрланұлы, «Қазалы» қарилар дайындау орталығының ұстазын Исмаил Омарұлын, жүргізген қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы Қайырбек Тоқтықбайұлын, демеуші азаматты алғыс хатпен марапаттады. Және де орын иеленбеген өзге қатысушылар да ынталандыру сыйақысы мен алғыс хаттарға ие болды.
Айта кетейік, шараға жергілікті жас кәсіпкер, мешіт жанашыры демеушілік көрсетті.

Әділқазылар алқасының шешімімен Құран жарысының жеңімпаздары төмендегідей:
- «Құран Кәрімнің 5 парасын жатқа оқу» аталымы
І орын – 200 000 тг – Асқар Байбатшаев
ІІ орын – 150 000 тг– Нұрислам Еркебұланұлы
ІІІ орын – 100 000 тг– Айбек Мамаджанов
- «Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқу» аталымы
І орын – 150 000 тг – Бақыт Жәнібек
ІІ орын – 100 000 тг – Рамазан Русланұлы
ІІІ орын – 70 000 тг – Абдулла Нишанбаев
- «Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу» аталымы
І орын – 100 000 тг – Иманали Жиенбай
ІІ орын – 70 000 тг – Ержігіт Амандықов
ІІІ орын – 50 000 тг – Талғат Исаұлы
- Көрермен көзайымы жүлдесі – 30 000 тг - Әлимұстафа Қайрат.

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
kyzylorda-news.kz
26 қазан 2025 ж. 154 0