Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде су қоймасы салынады

Сыр елінде су қоймасы салынады

Қызылорда облысында су тапшылығы проблемасын шешу үшін қысқы тасқын суды жинақтайтын су қоймасы салынады. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есепті кездесуінде жеткізген.

- Жыл сайын жаз мезгілінде аймақта су тапшылығы орын алады. Әсіресе өткен жылы су тапшылығы қатты сезілді. Сырдария өзені арқылы келетін судың 70 пайызға жуығы қыс мезгілінде келеді. Сондықтан, алдағы уақытта қысқы тасқын суды жинақтау үшін 2,3 млрд. текше метр су жинайтын қоймалар салуды жоспарлап отырмыз,-деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, осы жылы Үкімет қолдауымен 4,7 млрд.теңгені құрайтын «Көкарал» бөгетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілетін болады.

Еске салайық, облыстағы Жиделі су қоймасы өткен жылы пайдалануға берілген. Биыл Қызылорда және Әйтек су тораптарын қайта жаңғырту және Жалағаш ауданындағы дренаж-суару жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.
17 ақпан 2021 ж. 511 0