Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласы – басты назарда

Білім саласы – басты назарда

Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Е.Жақып Сырдария ауданындағы білім саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Еркебұлан Төлепбергенұлы партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласы назардан тыс қалмағандығын атап өтті.

–       Жас ұрпақтың сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» партиясы бірқатар жұмыстарды қолға алды. Педагог қызметкерлердің біліктілік санатының жаңа форматына сәйкес 2020 жыл мен 2025 жыл аралығында «педагог-шебер», «педагог - зерттеуші», «педагог - сарапшы», «педагог - модератор» санаттары бойынша педагог оқытушылар құрамының үлесін 45 пайыздан 85 пайызға жеткізу маңызды. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету бірінші орында тұрады.  Аудандағы 13 мектептерді (№37, 42, 44, 126, 129, 130, 135, 137, 139, 147, 174, 191) химия, биология, физика жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтау көзделген.  3 мектепті күрделі жөндеуден өткізу (2022 жылы: Аманкелді елді мекеніндегі №42, 2023 жылы: Іңкардария елді мекеніндегі №191, 2024 жылы: Сейфуллин елді мекеніндегі №137 мектептер) жоспарда бар, – дейді Еркебұлан Төлепбергенұлы.

Кездесуде  білім саласы қызметкерлері  қазіргі онлайн және дүстүрлі білім беру жүйесіне қатысты маңызды мәселелер көтерді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді


14 желтоқсан 2020 ж. 408 0