Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 1128 ПЕДАГОГ МАМАН

1128 ПЕДАГОГ МАМАН


Аудан мектептерінде 2018-2019 оқу жылында 1128 педагог кадр қызмет етіп келеді. Олардың ішінде 1066 жоғары және 62 арнаулы орта білімді маман. Сонымен қатар, аудан ұстаздары қатарында 136-ы жоғары, 473-і бірінші, 365- і екінші санатты 154-і біліктілігі жоқтығы расталған. Бұл ретте айтпағымыз жоғары және бірінші санатты мұғалімдер барлық педагогтың 54 пайызын құрайды.
Сондай-ақ, 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес педагог мәртебесін арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері аттестациясының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы №633 Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық жоспарының іс-шарасымен педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестін әзірлеу және оны өткізу бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі екі кезең бойынша жүзеге асты. Ауданда 17 мұғалім педагог-зерттеуші, 29 мұғалім педагог-сарапшы, 15 мұғалім педагог-модератор біліктілігін алды.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында біліктілік арттыру курстарының барлық бағыттары бойынша білім сатысынан өткен мұғалім саны 848-і құраса, жаңартылған білім мазмұны бағытында 610 маман қысқа мерзімді, 42 педагог деңгейлік бағдарлама шеңберін бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткізілген.

Балтабай Ордабеков

20 қаңтар 2019 ж. 1 316 1

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 03:08
Kamagra Online Pharmacy Can I Buy Zithromax At Walmart cheap cialis online 1 Mg Finasteride Cheap Propecia Buy Tamoxifen For Men