Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Мың бала» ұлттық олимпиадасының аудандағы жеңімпаздары марапатталды

«Мың бала» ұлттық олимпиадасының аудандағы жеңімпаздары марапатталды

Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев «Мың бала» ұлттық олимпиадасының аудандағы жеңімпаздарын марапаттады.

Биылғы жылдың 24 ақпанынан бастап Елбасы академиясының ұйымдастыруымен еліміздегі ауыл мектебі оқушылары арасында «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өткізілді. Білім бәсекесі талантты әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылды. Ұлттық олимпиадаға ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысқан болатын.

Білім додасы аймақта облыстық Назарбаев зияткерлік мектебінің ғимаратында өткізіліп, ауданнан 31 оқушы бақтарын сынады. Нәтижесінде, 8 оқушы жоғары балл жинап, жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейден Нұрасыл Бектасұлы, Торғын Ерланқызы, Арайлым Оразбаева, №37 мектеп-лицейден Данияр Ақдәулетов, №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейден Жанел Дарханбекқызы, №130 Абай атындағы орта мектептен Әбілмансұр Бүркітбай, Аяна Құрмантай және №135 Асқар Тоқмағамбетов атындағы орта мектептен Айдын Маханбетжан ұлттық олимпиадада біліктіліктерін көрсетті.

Облыс, республика көлеміндегі білім додаларында аудан мерейін үстем еткен дарынды оқушыларды аудан басшысы арнайы құттықтады. Дарын иелеріне білім шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдіріп, Елбасы академиясының «Алғыс хаты» мен ноутбуктарын табыс етті.
14 желтоқсан 2020 ж. 1 089 0