Орташа балл – 77,5

Өткен оқу жылы қорытындысы бойынша ауданда 45 оқушы «Алтын белгі», 19 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ тапсырған оқушылардың арасында 130 балды №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Ұлман Оңғарбаева жинады. Сондай-ақ №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Аружан Сәлімгерейқызы 120 балл еншіледі. Бұл ұстаздар еңбегінің жарқын жемісі.
– Аудан бойынша 34 түлек ҰБТ-да 100 балдан жоғары жинады. Шекті балдан төмен жинаған оқушылар да бар. 29 оқушы шығармашылықпен тапсырды. Алдағы уақытта мектеп бітірушілердің барлығын оқумен қамтуға байланысты жұмыс жүргізілетін болады. Барлығы нақтыланғаннан кейін аудандық газетке арнайы ақпарат ұсынатын боламыз, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Л.Мығымбаева.
Б.ЖАНӘЛІ