Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Той иелері жауапкершілікке тартылды

Той иелері жауапкершілікке тартылды

Коронавирус індетін болдырмау мен алдын алу мақсатында жиын-той өткізуге уақытша шектеу қойылғаны белгілі. Қауіпті кесел толастамай тұрған уақытта той ұйымдастырған азаматтардың жауапкершілікке тартылатыны барынша ескертілуде. Дегенмен, ортақ талапқа бағынсы келмейтіндер әлі де болса кездесуде.

Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Тереңөзек кентінің Қ.Бөдеев және Д.Қонаев көшелерінің той өткізіп жатқан тұрғындарын анықтады. Бұл бойынша хаттама рәсімделіп, той иелері заң бойынша тиісті жауапкершілікке тартылды.

– Рейд күнделікті ұйымдастырылуда. Полиция қызметкерлерінің араласуымен бүгінге дейін бірнеше той тоқтатылды. Той иелеріне жауапкершілік көзделгені белгілі. Жиын-тойды кейінге шегерген дұрыс. Тұрғындарды ортақ талапқа бағынуға шақырамыз, – дейді тәртіп сақшылары.
23 қараша 2020 ж. 606 0