МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІ
Бұрнағы күні "Нұр Отан" партиясының құрылғанына 19 жыл толуына орай партияның Сырдария аудандық филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын болып өтті. Жиынға Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Омаров, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, сала мамандары қатысты.
Шара барысында жаңадан партия қатарына кірушілерге партиялық билеттері және аудандық партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың Алғыс хаттары табысталды.Партия белсенділері сөз алып, осыған дейінгі жасалған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, Елбасының сарабдал саясатының басым-бағыттарын тілге тиек етіп, партия қызметін жетілдіруге қатысты пікірлерін айтты.
Б.ОРДАБЕКОВ