ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Бильярд үстелінің басындағы кездесуді Е.Жақып ашып, Елбасының биылғы Жолдауының 10 негізгі міндеттерін түсіндіріп берді. Өз кезегінде, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы «Елбасымыздың дәстүрлі жолдауларының әрқайсысында өзінің көздеген мақсаттары мен міндеттері және бағыт-бағдарлары бар. Жолдауда Қазақстанның алдына әлемдегі озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Әлемдік 30 елдің қатарына абыроймен ену үшін Елбасымыз алдағы уақытта атқарылатын біршама тапсырманы аңықтап айтып берді. Соның ішінде білім берудің жаңа сапасы жайлы айтылған. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс" деген пікірін ортаға салды.
Е.БЕРКІНБАЕВ
Пікір 1