Жаңа жылдан бастап зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға болады
Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды BAQ.KZ
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 31 заңнамалық актіге, соның ішінде 14 кодекс пен 67 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгенін айтты. Заң жобасында зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар.
Ақша-несие саясатын жетілдіру үшін бірқатар түзету ұсынылады. Заңнама нормаларын біріздендіру үшін ақша-несие саясатының негізгі құралы ретінде қайта қаржыландыру ставкасының орнына базалық мөлшерлемені енгізу ұсынылады, - деді Дәленов.
Айта кетейік,1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатындығын мәлімдеген еді.
Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын атап көрсеткен. Яғни «жеткіліктілік шегін белгіледі.
30 жастағы - 2 миллион 518 мың теңге,
35 жастағы - 2 миллион 961 мың теңге,
40 жастағы - 3 миллион 437 мың теңге,
45 жастағы - 3 миллион 947 мың теңге,
50 жастағы - 4 миллион 495 мың теңге,
55 жастағы - 5 миллион 84 мың теңге,
59 жастан жоғары - 5 миллион 586 мың теңге.
Бұл жеткілікті шегі, бұдан асқан сомаларды өз еркімен ала алады. Ол ақшаны азаматтар емделуге, тұрғын үй алуға және қаржы компанияларына аударуы мүмкін.
Алғашқы кезеңдерде БЖЗҚ салымшыларының 6,3 пайызы ғана (720 мың адам) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алатыны белгілі. Барлық талаптарға тек осы азаматтар ғана сай келеді.