Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » "Дипломмен ауылға" жобасының ауқымы кеңеймек

"Дипломмен ауылға" жобасының ауқымы кеңеймек

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Осыған байланысты заң жобасында тиісті ұсыныстар қарастырылған.

Бұл ретте «Дипломмен ауылға» жобасымен мемлекеттік қызметшілерді де қамту ескеріліп отыр. «Қазіргі уақытта ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі орын алуда. Түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында ұсынылған. Бастама Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі қарарымен мақұлданды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешев құжат жобасын таныстыру барысында.
30 қаңтар 2020 ж. 855 0