Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Праймериз ашық әрі әділ өтуі тиіс

Праймериз ашық әрі әділ өтуі тиіс

Бүгін Сыр өңіріне арнайы келген «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшесі Бауыржан Серікбаев праймериз үміткерлермен кездесіп олармен ашық жарқын пікірлесті. Бұл туралы  фейсбук әлеуметтік желісіндегі Nur Otan Қызылорда облысы ресми парақшасында жариялады. 

Мақсат: «Nur Otan» партиясының ішкіпартиялық іріктеу жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуы, кандидаттарға жасалып отырған мүмкіндіктердің теңдігін көзбен көріп, үміткерлердің өз аузынан есту.

Атап өту керек жақтастар лигасы маусым айында «Nur Otan» партиясы жариялаған партиялық праймеризді қатаң қоғамдық бақылау тетіктерін жасау негізінде құрылған болатын. Құрамы елімізге белгілі журналистер, саясаткерлер мен қоғам белсенділері сондай-ақ блогерлерден жасақталған.

Ашық кездесу өзінің діттеген межесіне жетті деп есептейміз. Себебі елдің ортақ мүдесі үшін бақ сынауға бел буған кандидаттар өз ойларын ашық айтып, праймериз жұмыстарында ескерілсе деген ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Жалпы Сыр өңірінен 502 кандидат ретінде тіркелген. Олардың 32 пайызы әйел азаматтар, 28 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.

09 қыркүйек 2020 ж. 316 0