Ашық пікірталастар алаңы

Ауданымызда облыс бойынша алғаш рет ұйымдастырылған бұл шара негізгі мақсатына сай үдесінен шықты деп айта аламын. Оның талаптарына орай ауданымыздың əлеуметтік-экономикалық дамуына негізделген өз бағдарламам мен жоспарларымды басқа да үміткерлермен бірге көпшілік алдында талқыға салдық. Барлық үміткер тең мүмкіндік берілді жəне тікелей эфирде жария түрде өтті. Қорытындысында жоғары дауыс алғандар санатына қосылдым.
Праймериз – дамыған елдердің тəжірибесіне əлдеқашан еніп, өз-өзін ақтап келе жатқан сайлау технологиясы. Тəуелсіз еліміздің тұғырын биіктетемін деген ауылдағы бастауыш партия ұйымының белсенділеріне өз қабілеттерін толық ашып көрсетуге берілген мүмкіндік деп санаймын.
Қоғам алдындағы азаматтық келбетін айшықтауға ұмтылған азаматтарды алдағы уақытта болатын праймеризге белсене қатысуға шақырамын.
Бағдат Есназар,
аудандық мәслихаттағы Nur Otan партиясы
депутаттық фракциясының мүшесі,
«Сейфуллин» бастауыш партия ұйымының төрағасы