Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдариялық ақын республикалық мүшәйраның жүлдегері атанды

Сырдариялық ақын республикалық мүшәйраның жүлдегері атанды

Сырдария ауданының тумасы Ақтөре Ибрагимұлы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері атанды. Жас ақын Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр бәйгесінің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.

«Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы карантин талаптарына сәйкес онлайн форматта ұйымдастырылды. Мүшәйраға облыстардан 20-дан астам ақын қатысып, өз туындыларын ұсынды.

Талапкерлердің өлеңдеріне ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы, жырау Берік Саймағамбетов баға берді.

Сырдариялық ақын Ақтөре Ибрагимұлын кезекті жетістігімен құттықтап, шығармашылық сәттілік тілейміз!

04 қыркүйек 2020 ж. 808 0