Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ АҚЫН АҚТӨРЕ ИБРАГИМҰЛЫ ҚАНДАЙ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ?

СЫРДАРИЯЛЫҚ АҚЫН АҚТӨРЕ ИБРАГИМҰЛЫ ҚАНДАЙ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ?

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Шапағат" медалінің иегері Жанай Рүстем Ідірұлын еске алуға арналған облыстық мүшәйра өтті. Қазалы ауданында ұйымдастырылған іс-шараға барлығы 14 ақын қатысып, сырдариялық ақын Ақтөре Ибрагимұлы арнайы жүлдеге ие болды.
Арнайы жүлдені Рүстем Жанайдың жары Күләш Досжанова табыстады.
- Ақынды өзінің жарынан артық ешкім білмейді. Рүстем артына өшпес жалқы іс пен із қалдырған ардақты азамат. Мүшәйрада Рүстемнің азаматтық болмысын, мінезін, еңбегін, қарапайымдылығын жан-жақты аша білген бір ақынды аңғардым. Ол Сырдария ауданынан қатысқан Ақтөре Ибрагимұлы,- деді арнайы жүлдені табыстау сәтінде ақынның жары.
Айта кету керек, мүшәйрада сырдариялық ақын "Артында "Сөз патшасы - Өлең" қалған" және "Ақын болу - өлең болып өрілу" тақырыбында екі өлең оқыды.

«ТТ-ақпарат
10 тамыз 2019 ж. 1 839 0