Індет те міндет жүктейді
Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі аяқталғанмен қатерлі індет әлі сейіле қойған жоқ. Себебі күн санап вирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Босаңсуға әлі де ерте екенін тұрғындар да ұғынуы қажет. Қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын жерлерде санитарлық тазалықты сақтаған жөн.
Сырдария аудандық әкімдігінің жанынан құрылған өңірлік жедел штаб мониторингтік топ мүшелері арнайы рейд жүргізді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айтылған талаптардың сақталуын бақылаған жедел штаб қоғамдық орындардағы бірнеше қателікті анықтады. Айтар болсақ, кент орталығында орналасқан «Шаңырақ» кафесінің қызметкерлері бетперде кимеген, қонақтарға арналған залда ара-қашықтық сақталмаған. Ал күніне бірнеше мәрте кәсіпкер өзіне тиесілі аймақты дезинфекциялап, желдетуі тиіс. Бұл талапты сұраған штаб мүшелеріне кәсіпкер өкілінің айтар жауабы да болмады. Тәртіпті сақтау ескертілді.
Иә, тәртіп пен заң бәрімізге ортақ. Оны талап еткендегі мақсат халықтың денсаулығына алаңдаушылық таныту. Себебі мемлекетте басты байлық – адам саулығы. Бұл тұста эпидемияға қарсы шараны қатаң сақтап отырған қоғамдық орындар да бар екенін айта кеткен жөн. «Халық банкінің» аудандағы филиалы басшысына жолыққан сәтте жұмыс бөлмесінде арнайы бетпердемен отырғанын көрдік. Мұнда келсеңіз антисептик пен тұрғандар көбейген сәтте ара-қашықтық сақталуы тиіс жолақтардың да сызбасын байқайсыз. Мамандар толығымен медициналық қолғаппен, бетпердемен жұмыс істеп отыр.
«Айша» қоғамдық тамақтану орны және ломбардтардың да жұмысы жүйелі жүруде. Тұрғындарға бетпердесіз кіреуге рұқсат жоқ мұнда. Бас санитардың қаулысымен кезең – кезеңімен іске қосылатын мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарға да індетке қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал бақылаушы орган мүшелері аталған шара алдағы уақытта өз жалғасын табатынын, санитарлық тазалықты қатаң сақтауды тағы ескертеді.

Майя ҚОЖАБАЙ