Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәртіп – қатаң, заң – ортақ

Тәртіп – қатаң, заң – ортақ

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індетінің саны күн санап артуда. Төтенше жағдай аяқталғанмен елде карантин режимі әліде жалғасып жатыр. Аудандағы ахуал тұрақталғанымен, індет жұқтырғандар тағы тіркелді. Осы мақсатта сақтық шараларын қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған мониторингтік топ рейд жүргізді.
Мониторингтік топ мүшелері қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендерін аралап, сақтық шараларының сақталуын тексерді. Ең алдымен кенттегі «Айша» тамақтану орталығының қызмет көрсетуі тексерілді. Мұнда тұтынушыға қызмет көрсететін қызметкерлер арнайы бетпердемен және арақашықтық бойынша бекітілген заңдылықтар сақталған екен. Дәл сол секілді «Серікбол» және «Қасым-Жомарт» сауда дүкендері де сақтық шараларын қатаң сақтауда. Бетпердесіз дүкенге кіруге рұқсат жоқ. Ал «Шаңырақ» кафесінің қызметкерлері індеттен сақтануға бей-жай қараған секілді. Өткен рейдте де дәл осы карантин режимін бұзылғанын хабарлаған болатынбыз. Алғашқыда ескерту берілсе, бұл жолы сақтық шарасын сақтамағандығы жөнінде айыппұл салу жөнінде акт толтырылды. Мұндағы қателіктер енді аудандық сотта қаралатын болады.
Еске сала кетейік, аудан бойынша 10 адам қауіпті індетті жұқтырған. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Тұрғындарға тағы да ескертеміз. Қауіп пен індет аяқ астында. Санитарлық талапты сақтап, аурудан қорғануды тоқтатпау қажет.
Майя ҚОЖАБАЙ

20 маусым 2020 ж. 825 0