Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мониторингтік топ мүшелері дәріханаларды аралады

Мониторингтік топ мүшелері дәріханаларды аралады

«Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы бірқатар дәріханаларды аралап, сатушылармен және тұрғындармен пікірлесті.

Мониторингтік топ мүшелері, яғни аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Е.Ұзақбаев және «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімшесінің төрағасы А.Ибрагимұлы дәріханалардағы дәрілердің бағасын тексерді. Сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға карантин талаптарын сақтау, сақтық шараларын ұстану жөнінде ақпараттар берілді. Мұнан бөлек аудандағы ахуал жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріліп, оқшауланудың, медицинадық бетперде киюдің тиімділігі жөнінде мысалдар келтірілді.

Атап өту керек, «Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалының бастамасымен бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

22 шілде 2020 ж. 718 0