Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Кешенді жұмыстар атқарылуда

Кешенді жұмыстар атқарылуда

Ауданға іссапармен келген облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Шаған ауылындағы провизорлық стационар ретінде ашуға ұсынылған ауруханаға барды.

Шаған ауылдық ауруханасы 1969 жылы салынып, 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен. Оның сыйымдылығы – 50 төсек орын.

Ауданда жағдай күрделене түскенде қосымша төсек орын қажет болуы мүмкін. Соған орай Шаған ауылдық ауруханасын 30 орындық провизорлық стационар ретінде ашуға болады. Ауылдық аурухана провизорлық стационар ретінде ашылса, ауылға жақын орналасқан елді мекендерден келген науқастарды емдеуге мүмкіндік туады. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізілген. Ауылдық аурухананы аралап көрген облыс әкімінің орынбасары бұл мәселенің тиімді екенін айтты.

Жалпы, іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ауданда эпидемиологиялық ахуалды тұрақты сақтап, індетпен күресте кешенді жұмыстар атқарылап жатқанын жеткізді.

18 шілде 2020 ж. 612 0