Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Шаған ауылдық ауруханасын аралап көрді

Шаған ауылдық ауруханасын аралап көрді

Ауданда эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда инфекциямен нақтыланған науқастарды қабылдауға жұқпалы аурулар бөлімшесінен 30 төсек орны, провизорлық стационардан 40 төсек орны және қабылдау бөлімінен 9 фильтр төсек орны жұмыс жасауда. Десе де қалыптасқан жағдай одан әрі күрделене түсетін болса, науқастарға қосымша төсек орындар қажеттілігі туындауы мүмкін. Осыған байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов Шаған елді мекеніне барып, ауылдық аурухананы аралап көрді.

Шаған ауылындағы аурухана 1969 жылы салынып, 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен. Оның сыйымдылығы – 50 төсек орын.

– Ауданда жұқпалы індет жұқтырғандар саны азаймай отыр. Осыған байланысты қосымша төсек орын қажет болуы мүмкін. Соған орай Шаған ауылдық ауруханасын 30 орындық провизорлық стационар ретінде ашуға болады деп санаймыз. Ауылдық аурухана провизорлық стационар ретінде ашылса, ауылға жақын орналасқан елді мекендерден келген науқастарды емдеуге мүмкіндік болар еді, – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы ауылдық ауруханаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізілгенін атап өтті. Сала мамандарына бұл мәселені назарда ұстау қажеттігін тапсырды.



14 шілде 2020 ж. 707 0