63 ИВЛ аппараты алынады
Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1750 науқас бақылауда. Оның ішінде инфекциялық стационарда – 381 және провизорлық стационарда - 1 369 науқас ем алуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.
- Облыс аумағында коронавирус инфекциясымен ауырғандарды және қарым-қатынаста болғандарды бақылау мақсатында барлығы 760 төсек орын ашылған болатын. Бүгінде барлығы 2410 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішінде инфекциялық төсек саны 620 орынды құраса, провизорлық төсек орын саны - 1 790 құрайды,-дейді басқарма басшысы.
Облыстың бас дәрігері қазіргі таңда 76 жасанды өкпені желдету аппараты (ӨЖЖ) жұмыс істейтінін, 12 аппарат істен шыққанын мәлімдеді.
- Бүгінгі күні облыс бойынша 64 ИВЛ аппараты жұмыс жасап тұр. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 63 ИВЛ аппаратына өтінім берілді,-деді басқарма басшысы.