Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

№92 газет

19 қараша 2024 ж.

№91 газет

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еңселі елорда – елдіктің тірегі

Еңселі елорда – елдіктің тірегі

Осыдан он жыл бұрын астана шаһарына сапарлаудың сәті түсті. Nur Оtan партиясы аудандық филиалының жолдамасымен республикалық партия мектебіне қысқа мерзімді оқуға жіберді. Оқудан бос уақытта бас қаланы армансыз араладық.

«Мың естігеннен бір рет көрген артық» дегендей әсем ғимараттары көкпен таласқан көркіне көз тоймайтын Сарыарқаның төсіндегі ару қала ерекше әсер сыйлады. Сән-салтанаты келіскен әсем шаһарды көргенде кеудені мақтаныш сезімі биледі. Одан бері арада жылжып он жыл өтті. Еңселі елорда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың идеясымен бой көтерді. Қанатын кеңге жайды. Сондықтан бас қалаға өткен жылы Нұр-Сұлтан атауы берілді.

Еліміздің мәдени-ғылыми орталығы саналатын шаһарда менің көптеген дос­тарым, сыныптастарым тұрады. Солардың бірі көп жыл ұлағатты ұстаз болған, Қарағанды қаласында бірнеше мектепті басқарған Гүлзина Тұрмақаева.

– Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына 2016 жылы қоныс аудардық. Шаһардың орталығында Есіл өзенінің жағалауында тұрамыз. Есіл өзені Елорданың бас­ты су көзі болып саналады. Таңертеңгілік және кешкілік өзен келбеті керемет, көркем түске бөленеді. Қала күннен күнге қанатын кеңге жайып, өсіп-өркендеп келеді. Бас қаланың тұрғыны ретінде кеудемізді мақтаныш сезімі билейтіні рас. Жолдасым, балаларым осында еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуда. Елорданың бүгінгідей туған күнінде «Жайнай бер, жасара бер, сүйікті қалам» деген жүрек жарды тілегімді білдіремін, – дейді Гүлзина Мұқанқызы.

Иә, айтса айтқандай Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы бас қаланы экономикалық тұрғыдан тиімді, көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Қала экономикасының серпінді дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы елге тартылған инвестициялардың рес­публика көлеміндегі үлесі айтарлықтай. Бас қала Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді. Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады.

Қорыта айтқанда, абыройы асқақ бас қаланың келешегі кемел, болашағы жарқын екені анық.

Шаһарбек БАЛТАБАЙҰЛЫ

04 шілде 2020 ж. 567 0