Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЕЛБАСЫ – БАС СӘУЛЕТКЕР

ЕЛБАСЫ – БАС СӘУЛЕТКЕР


Бүгінде Еуразия кіндігі саналатын Астана – қазақстандықтардың мақтанышы. Са­ры­­арқаның сайын даласында бой түзеген бас қала аз ғана уақыт ішінде әлемге әйгілі болды. Қос онжылдықта мұнда құрылыс қарқынды жүріп, қазір Елорда адам танымас­тай өзгерген, жаңарған, жайнаған.
Қазақ елінің жаңа астанасын салу бастамасын алғаш Мемлекет басшысы көтергені баршаға мәлім. Ол кезде бұл идея жүзеге асатынына сенгендер саны аз болды. Дегенмен, бас сәулеткер болған Қазақстан Президенті қысқа мерзімде бас қаланы барша жұртқа мәшһүр етті. Соның нәтижесінде, еңселі Елорда бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, миллион тұрғыны бар ірі шаһарға айналды. Күн өткен сайын өркендеп, өсіп келеді. Астананың 20 жылдығы құтты болып, жасарып, жайнай берсін!

Ж.НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты
12 шілде 2018 ж. 2 148 0