Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАСІРЕТ БОЛЫП ҚАТТАЛҒАН 10 ЖЫЛ

ҚАСІРЕТ БОЛЫП ҚАТТАЛҒАН 10 ЖЫЛ


Ауған соғысы 10 жылға созылған азапты жылдар. Бұл қасіретті соғыс туралы Елбасы Н.Назарбаев: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді» - деген болатын.
1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Биыл бұл соғыстың аяқ­талғанына 29 жыл болды.
Деректер бойынша Қазақстаннан Ау­ған соғысына 22 мың адам қа­тысып, 761-і қаза тапса, 21-і хабарсыз кетті. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды. Осыдан 29 жыл бұрын Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылып, бұл күн тарихи күнге айналды.
Тағдырлы күні жүректерге өш­пес жара салған азаматтарға құр­мет көрсетіліп «интернационализм» деген саяси науқанның құрбан­дығына айналып,шейіт болған жауын­гер­лерді еске алу қасиетті парызымыз.
1990 жылдары ауданда 32 Ауған соғысы ардагері болған. Бүгінде олардың 19-ы қатарда жүр, 3-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар қашанда жастарға үлгі, әрі өмір мектебі. Әрбірі Ұлы Отан соғысын көрген ақсақалдарымыздың лайықты ізбасарлары. Жыл сайын оларға мемлекет тарапынан қамқорлық көр­сетіліп келеді.

Б.Жанәлі

14 ақпан 2018 ж. 2 580 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 10:53
Priligy Efectos Adversos online cialis Generic Viagra For Sale In The Usa

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 15:36
Buy Zithromax By The Pill Order Online Fluoxetine Lovan With Next Day Delivery online cialis Novirax