Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖОЛЫ

ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖОЛЫ


2018 жылға арналған облыстық қоғамдық саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес аудандық мәдениет үйінде сала мамандарының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Шараға аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Нарымбетов, ардегерлер Б.Мырзалиев, К.Арғынбаев, С.Саменов, С.Жүсіпов, Ғ.Байтұрған, тұрғындар мен оқушылар қатысты.
Шара отты жылдарда опат болған оғландарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Бұдан кейін Б.Сәдуақас «Ағаларым» әнін орындады. Өз кезегінде сөз алған Ауған соғысының ардагерлері жалындаған жастық шақтарында қиырдағы қияметті көзбен көріп, та- лай қиындықты бастан өткізгендерін жеткізді. Интернационалистік борышын өтеуге аттанып, арнайы бұйрықпен Ауған жеріне барғандарын айтты. Қанша уақыт бойы төзімділік танытқан жауынгерлер ұрыс жүргізу тактикаларын үйреніп, жергілікті халықты азат етуге күш салған. Тұрғындарды бір-бірінен ажырату мүмкін еместігін, кез-келген уақытта адамдар шабуыл жасайтындығын тілге тиек етті. Орта Азия елдерінің халқын көрген бойда өздеріне жау санаған. Өйткені, басқыншы әскер халықты қарсы қоюға үгіт-насихат жүргізеді. Тек мұсылман екендіктерін дәлелдеу арқылы адамдармен етене араласқан көрінеді. Мәдениет үйінің қызметкерлері Д.Разақов «Ауылға кел», «Ақ бантик», А.Садықов «Жанымда қазақ», «Қазақстан» әндерін көпшілікке тарту етті. Сонымен қатар, тұрғындар мен оқушылар өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. Аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Нарымбетов сөз сөйлеп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кешті қорытындылаған аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Сәрсенбаева бастарын қатерге тіккен жерлестерімізбен кездесудегі мақсат өскелең ұрпаққа жүріп өткен жолдарын дәріптеу екендігін жеткізді. Қатысушыларға сала мамандары атынан естелік сыйлық ұсынды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
17 ақпан 2018 ж. 1 085 0