Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Индустрияландыру: үшінші бесжылдыққа ұмтылыс

Индустрияландыру: үшінші бесжылдыққа ұмтылыс

«Қызылорда облысында ин­дус­триялық-инновациялық даму ба­ғытында атқарылған жұмыс­тар және Индустрияландыру бағ­дар­ламасының үшінші бес­жыл­ды­ғы аясындағы міндеттер туралы» мәселе алдағы уақытта облыс­тың кезекті сессиясында қаралмақ. Осыған байланыс­ты уақытша құрылған комиссия мүшелері ауданға іссапармен келіп, аталған мәселе бойынша ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Жиынға аудан әкімі Р.Рүстемов, уақытша комиссия төрағасының міндетін атқарушы, облыстық мәслихат депутаты Б.Махашев, комиссия мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.
Комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасады. Аудан әкімінің орынбасары ауданның өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты мәліметтерді назарға ұсынды.
Биылғы жылдың 1 мамырындағы көр­сеткіш бойынша ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 911 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл 2018 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 171,6 процентті құрап отыр. Өңдеу өнеркәсібі 802 млн теңгеге орындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 189 процентке орындалған. Бүгінде өңдеу өнеркәсібінде жұ­­мысы тоқтап тұрған кәсіпорындар жоқ. «Ақжарма-2» ШҚ-ның сүт өнімдерін өңдеу, «Мәді-Қажы» және «Шаған Жер», «Углесбыт» ЖШС-нің күріш ақтау, нан пісіру, «Шопан ата» ЖШС-нің сусындарды өңдіру, «Сымбат» ЖШС-нің жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бұдан бөлек аудан бойынша «Қара­пайым заттар экономикасы» бағдарлама­сының субсидиялау тетігі шеңберінде 2020 жылы 6 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ аграрлық несие корпорациясына ауданның 13 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы бағыты бойынша 174 млн теңге несие алу үшін құжаттарын өткізген. Оның ішінде 1 жоба – «Ақжарма-2» шаруа қожалығының күріш тазалайтын зауытын орнату, ал 12-сі мал шаруашылығын дамыту жобалары.
Өз хабарламасында аудан әкімі­нің орын­­басары индустриялық-иннова­ция­­лық дамыту жөніндегі мемле­кеттік бағ­дарламасының алғашқы бесжылды­ғында ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, алғашқы бесжылдық бойынша ауданда 41 млрд теңгені құрай­тын 4 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 206 адам жұмыспен қамтылған.
Индустриялдық картадан тыс 2015 жы­лы ауданда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Ақжарма және Шаған ауыл­дық округтері тұсынан екі сервистік кешен салу жобасы іске асып, 41 жаңа жұмыс орны ашылған.
Ал бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 2016 жылы «Өңірлік индустрияландыру картасы» негізінде жеке кәсіпкер «Даулеттің» «Кірпіш зауытын ұлғайту» жобасы жүзеге асырылды. 12 млн теңгені құрайтын жоба негізінде 17 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Зауыттың қуаттылығы – жылына 5 млн дана кірпіш шығару. Сонымен қатар «ҚОР» Мұнайкомпаниясы»АҚ-ның құны 97,4 млн теңгені құрайтын «Өзге кәсіпорындарға мұнай тарту қызметін көрсету үшін магистралды құбырларды қайта жаңғырту» жобасы іске асырылған.
Ауданда 2019 жылы «Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына» «Шаған Жер» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысын салу» жобасы енгізілген. Бұл жоба жүзеге асқанда айына 70 тонна күріш ақталып, 25 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы несие алуға «Ақжарма-2» шаруа қожалығының «Күріш ақтайтын және тазалайтын зауытты іске қосу» жобасы да жүзеге асырылмақ.
Аудан әкімінің орынбасары ауданда ин­дустриалды-аграрлық аймақ құру мә­селесін де атап өтті. Бұл орайда Те­реңөзек кентінен 8,4 гектар, А.Тоқма­ғам­бетов ауылдық округінен 7 гектар және Қоғалыкөл ауылдық округінен 1,5 гектар, барлығы 16,9 гектар жер учаскелері аг­рарлық-индустриалдық аймақ болып бе­л­­­гі­ленген. Бүгінде жер учаскелері заңдас­тырылып, аграрлық-индустриялдық аймақ аумақтары қоршаланған. Өткен жылы А.Тоқ­мағамбетов, Қоғалыкөл ауыл­­дық ок­ругтерінің кәсіпкерлері жер телімдерін толық пайдаланып, жеміс-жидек, бау-бақ­ша дақылдарының өнімін көрді. Ал биылғы жылы Тереңөзек кентіндегі индустриалдық аймақты толық игеру үшін жергілікті бюджеттен 5,2 млн теңге қаржы бөлінді. Бюджет қаражатын тиімді игеру мақсатында бөлінген жер көлемі кәсіпкерлер тарапынан толық игерілмек.
Жалпы, қазіргі таңда индустриалды-аграрлық аймақ құру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауданда нақты жұмыстар жүргізілуде.
Комиссия отырысында «Мағжан және К» ЖШС төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Д.Ералиев сөз сөйлеп, серіктестіктің индустрияландыру бағытында атқарып жатқан жұмыстарын жеткізді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды мақсат еткен компания Нағи Ілиясов елді мекенін көркейтуге мол қаржы құюда. Осының негізінде ел-халықтың әлеуеті түзелген. Аудандық мәслихат депутаты алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларымен де бөлісіп, жаңа технологиялар негізінде қарқынды жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Жиында уақытша комиссия төрағасы­­ның міндетін атқарушы, облыстық мәслихат депутаты Б.Махашев индустрияландырудың үшінші бесжылдығына ұсынылған жоба­лар­­дың нақты мәліметтерін беріп, сол бо­йынша жұмыстар жүргізу керектігін атады.
Аудан басшысы индустриалды-аграр­лық аймақ құру, шағын және орта кәсіп­керлікті дамыту мақсатында нақты жұмыс­тар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ауданға іссапармен келіп, ұсыныс-пікір тыңдаған уақытша комиссия мүшелеріне ризашылық білдірді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ 
16 маусым 2020 ж. 627 0