Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жылдық бюджет қабылданды

Үш жылдық бюджет қабылданды

Аудандық мәслихаттың тұ­рақ­ты комиссияларының бірлес­кен отырысы және кезекті 46 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Р.Рүстемов, аудандық мәс­лихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ап­па­рат басшысы, кент және ауыл әкімдері, дербес бө­лім бас­шы­лары, аудандық мәсли­хат ап­паратының жауапты қыз­мет­кер­лері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша алтыншы шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы Е.Әжіке­новтің 2019 жылы атқарған жұмыс­тарының есебі тыңдалды. Ал 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аудан жастарын мемлекеттік қолдау бағытындағы жұмыстар мен оны жақсарту шараларына арналып, есепті мерзімде атқарылған және алда тұрған мақсат-міндеттер төңірегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Мырзахметова баяндады. Сонымен бірге аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г.Божан аудандық мәслихаттың 2020 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын таныстырды. Соңғы мәсе­ле бойынша аудандық мәслихаттың кезекті 47-сессиясының төрағасы болып №12 Аман­келді сайлау округінен сайланған аудан­дық мәслихат депутаты З.Жаманқұлов сайланды.
Сессия күн тәртібіндегі мәселелер талқы­ланып, аудандық мәслихат депутаттары Д.Ера­лиев, Ж.Ембергенов, Б.Есназардың ұсы­­ныс-­пікірлері тыңдалып, тиісті шешім­дер­ қабылданды. Сессия соңында аудан әкімі Р.Рүстемов сөз сөйлеп, жылдың жеміс­ті қо­рытындылап отырғанын айтып, аудан­ның әлеу­меттік-экономикалық дамуын­­­да аудандық мәслихат депутаттарының үлесі айрықша екенін жеткізді. Бірлесе атқар­ған нәтижелі жұмыстар үшін халық қалаулы­ларына алғыс айтты. Аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов жыл қорытындысымен аудандық мәслихат депутаттары басқаратын іргелі серіктестіктер мен шаруа қожалықтар марапат биігінен көрінгенін айтып, жүйелі жұмыстар жалғасатынына сенім білдірді.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

24 желтоқсан 2019 ж. 771 0