Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бүгін елімізде тосқауыл бекеттері алынды

Бүгін елімізде тосқауыл бекеттері алынды

Бүгін түнгі он екіде еліміз бойынша тосқауыл бекеттері алынды. Тек бас қаланың айналасына 7 блок-бекет қойылған еді. Жалпы ел аумағында 400-ге жуық бекет жұмыс істеді, деп хабарлайды 24.kz

Күні кешеге дейін 3 миллионнан астам көлік пен 5 млн жолаушы тексерілген. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер «жасыл дәліз» арқылы өтті. Карантин кезінде 52 мыңнан астам полиция қызметкері мен медицина маманы күндіз-түні кезекшілік атқарды. Одан бөлек карантинге жабылған нысандарды күзетуге жұмылдырылды. Ұлттық Ұлан сарбаздары қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалады.

Айта кетейік, тосқауыл бекеттері алынғанымен жолаушылар тасымалдайтын қалааралық автобустар 5 маусымнан бастап жүреді. Жолаушылар санитарлық ережелерді сақтауы тиіс. Міндетті түрде бетперде тағу керек. Қалааралық қатынас қалыпқа келгенімен кей өңірде карантин талабы қатаң сақталады. Облыстағы ахуалға қарай санитарлық дәрігер тиісті шешім қабылдай алады.


01 маусым 2020 ж. 660 0