Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылды

Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылды

Қызылордада коронавирус инфекциясының таралып кетуінің алдын алу мақсатында  Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымованың қаулысымен 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00 бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 дейін Қызылорда қаласында карантин жарияланды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
осы орайда, Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылды:
1. Оңтүстік бағыт «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ислам» кемпингі, 1834 шақырым (Шымкент, Алматы бағыты).
2. Қызылорда-Павлодар тасжолы, 13 шақырым (Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан бағыты).
3. Қызылорда-Ақтөбе, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ақжарма» ауылдық округі (Баймұрат батыр елді-мекенінің тұсы).
4. «Қызылорда-Жалағаш», Қызылөзек ауылдық округі айырығы.
5. «Тұңғыш Президент саябағы» жанындағы көліктік айналма жол.
31 наурыз 2020 ж. 1 178 0